"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Праздник Нового года!

04.01.2024

Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл
шырша жанында
Билеп барлық бала жүр

Балалар үшін ең көп күткен мереке,  Жаңа жыл. «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиелушілеріне де  жаңа жыл ертеңгілігі өтті. Біздің де балабақшамызда әсем безендірілген зал, сәнді шырша, керемет костюмдер мен сыйлықтар, Аяз ата, Ақшақар және басқа да көптеген кейіпкерлері келді.

Мерекеде балалардың көңіл-күйі көтеріліп, көптеген тосын сыйлар, жұмбақтар, саяхаттар, ертегі кейіпкерлерімен кездесулер, ойындар, сайыстар, әндер мен билер ұйымдастырылды.

Жаңа жылдық қойылымдарға қатысқан ұстаздар мен жоғары сынып оқушылары өздерінің барлық шығармашылық қабілеттерін, әртістік қабілетін, ынта-жігерін, ұйымдастырушылық қабілетін көрсете отырып, өздерін жақсы өнерпаз екендіктерін көрсетті.

Барлық мектеп оқушылары мен ата-аналарға рахмет.

Сондай-ақ балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар үшін демеушілерге алғыс айтамыз: И.П.Абдрахманов Б.Д., К.Х Жанажол Агро Капезов Е.Д.

Баршаңызға Жаңа жыл құтты болсын!

Просмотров: 3895


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст