"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандық тандауға мотивация

                                                         

Мамандық таңдауға мотивация

    Бұл дүниеге адам ,адам болып жаратылғаннан кейін, адал боп өту парызымыз. Жарлы болса да, жар таңдаудан, жаман болса да маман таңдаудан қателеспеген адам – өз мақсатына жете алатын  тұлға болып қалытасары сөзсіз.  Болашақ кәсібін дұрыс таңдай алған адамнан кәсіби тұлға пайда болады. Ал, мамандығына жауапкершілік танытып, жұмысына ыстық ықыласпен қараған  маманнан сапалы нәтиже шығады.

  Мамандық таңдаудың жауапкершілігі – мектеп табалдырығын тәмәмдап, жаңа өмірге аяқ басар мектеп түлектері үшін өте маңызды. Себебі, бұл таңдау өзінің болашағының ірге тасын қалайтын маңызды шешім. Кез келген адамның тумысынан қанына біткен ерекше қабілеті, көзге көрінбес дарыны болады. Осы бір қабілет бір шетінен қолға алынса, дара дарынға айналады.

   Балалық шақтың армандары бір-біріне ұқсас келеді екен. Бар баланың көкейінде «мен мұғалім боламын, дәрігер боламын, полицей боламын» деген ойлар бірдей сайрайды. Бүлдіршіндер қиялында стереотипке айналған бұл мамандықтар уақыт өте келе баланың көңілінен шыға бермейді. Ойлау өрісі кеңейіп, ақылы толыққан жасөспірім өз таңдауын жасауға асығады. Таңдауын дұрыс жасай алғандар белгілі бір саланың білікті маманы атанып, өз ортасында абыройлы тұлғаға айналады. Адамның өмір сүру процесіндегі негізгі мақсат та осы.  

   Әр адам әр түрлі армандайды. Армандау – адамның фантазиясын дамытып, тың дүниелердің жарыққа шығуына себепкер болады. "Армансыз адам – ормансыз бұлбұл" деп те айтып жатады. Сондықтан, қиял тізгініне ерік беріп, елде жоқ ерекше дүниені армандаудан тартынбаңыз. Адамның қолы жетпеген жерге, қиялы жетеді.

   Адам ойының шапшаңдығы мен керемет фантазияны талап ететін мамандық – журналистика. Журналист адам – билік пен бұқараның арасындағы көпір деп жатады. Жалпылай, журналисті көпір деп алсақ, көпіріп сөйлегеннің бәрін журналист  деу ағаттық. Тілшінің тілге тиек етері, халықтың қамы үшін болуы керек. Десек те, халықтың қамын жеймін деп, нанын жеп жүргендер қаншама?! Қоғамдағы осындай бетперделердің былығын әшкерелеу журналист міндеттерінің қатарында.

   Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады. Адам өзінің сүйетін жұмысымен шұғылданса, сол жұмысты махаббатпен атқарса көңілі тоқ жүреді. Ал, осы сүйікті жұмысымен, онымен қоса ақша табатын болса қажудың орнына ерекше рахаттанады. Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл. Тек сен таңдаған мамандық, басқаға жамандық әкелмесе болғаны.

Жаңартылған күні: 19.12.2022 15:49
Құрылған күні: 19.12.2022 15:49

Текст