"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУШЫҒА ЖАДЫНАМА

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУШЫҒА ЖАДЫНАМА

  

    Мамандық таңдау - өміріңдегі қиын және жауапты қадам.  Болашақ мамандығыңды мұқият таңдау қажет. Кәсіпқой мамандардың ақпараттарын пайдалан. Мамандықты ойланып, қабілетіңді ескеріп таңдау қажет.

Осы мақсатта:

• Өзіңді терең зерттеп, қызығушылықтарыңды, мінезіңдегі ерекшеліктерді, мүмкіндіктеріңді анықта (сені не қызықтырады, қандай мамандық ұнайды).

• Өзіңнің күшті және әлсіз жақтарыңды ойла.

• Өзіңнің қызығушылықтарың мен қабілетіңе сай келетін мамандытармен таныс. Көбірек кітап, мақалалар мен журналдар  оқы. Алдын ала таңдаған мамандықты немесе соған ұқсас мамандықтарды белгілеп қой.

• Таңдаған мамандықты алып шығуға болатын оқу орнымен таныс.  

• Таңдап алған мамандықтың сипатымен өзіңнің жеке қасиеттеріңді салыстырып көр. 

• Шешім қабылдаған болсаң, қиындықтардан мойыма. Алға қойған мақсатқа жету үшін табандылық таныт. 

 

Жаттығу: “Психогеометриялық тест”

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат.Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.

Зигзаг.  Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ  шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер.Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш .Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 19.05.2020 15:36
Құрылған күні: 19.05.2020 15:36

Текст