"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психологиялық тренинг

Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтар әлемінде»

Сыныбы: 8-9

Сабақтың мақсаты: мамандық әлемі туралы ақпарат беру, өзін-өзі тану шекарасын кеңейту.

Мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру. Мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Сабақтың түрі: тренинг

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, постер әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: постер, слайд, маркер, тест.

 

І. Сабақ барысы:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Мамандықтар әлемінде» атты тренингке қош келдіңіздер!
 

«Сәлемдесу»

Үлкен шеңбер жасап тұрып, қимылды қайталау.

Мен өзімді қандай болсам да жақсы көрем (қолды кең жаямыз)

кішкентай болғым келеді (отырады)

үлкен болғым келеді (жоғары созылу)

семіз болғым келеді (ауызды толтырып үрлеу)

арық болғым келеді (ішті, жақты ішке тарту)

көңіл күйсіз болғым келеді (иықты ,жақты төмен түсіру)

көңілді болғым келеді (күлімдеу)

мен өзімді қандай болсам да жақсы көрем (қолды кең жаю)

бұның барлығы КЕРЕМЕТ!!! (шеңберден бір қадам алға жылжып, бас бармақты көрсету)

 

ІІ. топқа бөлу.

ІІІ. Мамандық туралы ақпарат беру:

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша, жыл сайын 25 млн адам жұмыс орыны ауыстырады екен. «Профессия»-латын тілінен аударғанда «professio» анықталған іс, мамандық деген мағынаны білдіреді.Мамандық –қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға-дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атауға болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына телекоммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару, мамандықтары және еңбек сұраныстарына қажетті мамандықтар жатады. Алайда, өз мамандықтарын таңдауда мақсатқа жету әр адамның еркіне, өмірге құштарлығына байланысты.

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

ІҮ. Постер жасау.

Тақырып: Мамандық дегеніміз не?

Ү. Постер қорғау.

 

«Мамандықты тап» ойыны. Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.

Дәрігер

Кітапханашы

Тележүргізуші

Сатушы

Мұғалім

Құрылысшы

Сварщик

Суретші

Шаштаразшы

"Әріпті мамандық" ойыны

Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Әр командадан бір оқушы шығады, үлестірмені алады. Тапсырманы орындауға 1 минут беріледі.

“А” әрпінен басталатын мамандық.

“С” әрпінен басталатын мамандық.

«Ең - ең...» ойын

Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.

Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.

Ең тәтті - аспазшы, кондитер.

Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.

Ең жауапты - сот, бухгалтер.

Ең салмақты - мұғалім, заңгер.

Ең қарым - қатынасы күшті - бизнесмен

 

Климов әдісі.

 

Сабақты бекіту (рефлексия).

Сіздер бүгінгі сабақта белсенді болдыңыздар. Мен сіздерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр. Нені білдім?

Нені білгім келеді?

Сабақты қорыту.

Ж.Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген сөзімен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

 

Жаңартылған күні: 29.10.2020 15:26
Құрылған күні: 29.10.2020 15:26

Текст