Бүгін, 20 қараша күні сағат 10.00-де ювеналды полиция өкілдерімен және денсаулық сақтау өкілімен оқушылар мен ата-аналармен кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайларда жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту. Кездесу барысында оқушылар мен ата-аналар алдында полиция аға лейтенанты Савинов В.К., әйелдер құқықтарын қорғау инспекторы Акпаева Д.Т., Атамекен ауылдық дәрігерлік пунктінің медбикесі А.Қ.Аққожина сөз сөйледі. Баяндамашылар өз сөзінде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар мен оларға қолданылатын әкімшілік шараларға тоқталып, бүгінгі таңда жастардың басым бөлігі өздері жасаған заңсыз әрекеттердің ауыр және түзелуі қиын зардаптары туралы білмейтіндігін атап өтті. . Сондай-ақ сөз сөйлеу барысында зорлық-зомбылық түрлері туралы бейнероликтер көрермен назарына ұсынылды.