"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасы-бақыт мекені» апталығы

Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.

Қыркүйек айының 14-20 аралығында Республикамыздың білім ошақтарында Отбасы мерекесіне орай «Отбасы-бақыт мекені»атты апталық  өткізу жоспарланды. Біздің Атамекен ауылының орта мектебінде де алдын ала құрылған жоспар бойынша бірнеше тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Бастауыш сыныптарда «Менің отбасым»атты сурет байқауы, орта буында «Отбасым-тірегім»атты тақырыпта сынып сағаттары, жоғары буын оқушылары арасында дөңгелек үстелде, мектеп кітапханасында «Отбасы-бақыт мекені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

 

Жаңартылған күні: 29.10.2020 16:01
Құрылған күні: 29.10.2020 16:01

Текст