Отан –отбасынан басталады.
Атамекен ауылының орта мектебінде «Мерейлі отбасы» онкүндік жұмысы жоспары бойынша аудандық және мектепішілік іс –шаралар ойдағыдай жүріліп өтті.Атап айтсақ көркем еңбек пәні мұғалімі Уйсбек Ерболаттың ұйымдастыруымен қолдағы материалдан жасалған отбасылық жұмыстар көрмесі мектеп дәлізіне ашылды. Көрмеде ата-аналар болып балалардың өз қолымен жасалған отбасылық бұйымдары сән түзеді.Және «Менің отбасым , менің байлығым»атты аудандық ән марафонына 4 сынып оқушысы Ерболат Мадина қатысты.
«Менің сүйікті отбасым»атты аудандық сурет салу конкурсына көптеген бүлдіршіндер қызығушылық танытып 20 үміткер өз салған суреттерін жолдады.Және «Отбасы –алтын діңгек» атты сынып сағаттары , викториналар қызықты жүріліп өтті .
Адамның жанына жақын ең құнды нәрсесі ол- отбасы. Отбасы ол шағын мемлекет. Егер біз отбасымызды құрметтесек, аяласақ, отбасылық құндылықтарымызды жоғалтпасақ келешек Отанымыздың болашағы жарқын болмақ. Отан-отбасынан басталады деген сөздің мәні қайда жатыр
Аға тәлімгер Шаги Жазира