Текст
Жұма,12 қараша күні Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 5-6 сынып оқушылары арасында пән олимпиадасы өткізілді.Олимпиадаға 30 оқушы қатысты.
Математика,қазақ тілі,орыс тілі,Қазақстан тарихы пәндері бойынша тест тапсырмалары оқушыларға таратылды . Тапсырмалар әр түрлі деңгейде құрастырылған. Кейбір оқушылар дұрыс жауап бере алмады.
Қатысқан 30 оқушының ішінде 7 жүлделі орын бар.
1-орынды 4 оқушы, 2-орынды 3 оқушы иеленді.
Аудандық олимпиада кезеңіне 4 оқушы жіберілді:
Эрболатқызы Мадина
Қадысқызы Меруерт
Кәдірбай Құбылай
Кәдірбай Тоныкөк