Текст
31 қаңтар күні "Жас ұрпақ" дебат клубы, тарих мұғалімі Шаги Анардың жетекшілiгiмен белсенді жұмыс атқаруда. Қатысушылар екіге бөлініп,"Бұл палата Қазақстандық мектептерде бірінші сыныптан бастап үштілділік саясатын қолдайды" тақырыбында мектепішілік пікірсайыс жүргізді. Топ мүшелері: Жуахан Айымгүл, Мұса Ұлас, Дүйсенбек Айжанар, Тілеухан Енілік 10 - 11 сынып оқушылары өз дайындықтары, өздерін ұстаулары, сөйлеу мәдениетi мен сөз алу тәртiбi бойынша дебатқа деген ынталарын танытты. Оқушылардың белсенді жұмыстары мен дайындық нәтижелері сүйсіндірдi.