Атамекен ауылының
Жалпы орта білім беретін мектебі
«ШҰҒЫЛА»
Әдістемелік Бірлестігінің
онкүндігінің есебі
«Шұғыла» әдістемелік бірлестігінің оңкүндігі
2025 жылдың 24 ақпанынан-7 наурыз аралығында өткізілді. Онкүндіктің салтанатты ашылу рәсімі 24 ақпан күні ұйымдастырылды.
Мектептің бірінші қабаты безендіріліп,көрме қойылды.
25 ақпаннан бастап ашық сабақтар құрылған жоспар бойынша өткізіле бастады. Пән мұғалімдері сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер,үлестірмелі карточкалар қолданды. Әр сабақ жоғарғы деңгейде өткізілді. Сабақтың құрылымы жаңартылған білім беру стандартына сай құрылған . Ашық сабақтарға оқушылар белсене қатысты. Сонымен қатар сыныптан тыс іс-шаралар да өткізілді. Оқушыларға қызық болу үшін, үзіліс арасында түрлі ойындар жүргізілді.
Апталықтың жабылуына орай «Білім беру жүйесіндегі жаңа сын-қатерлерді еңсеру тәжірибесі» атты коучинг ұйымдастырылды . Биылғы оқу жылында аттестаттаудан өтетін пән мұғалімдері Шағи Ж, Жуасхан Ж. және Бралин Е.Ж. өз сабақтарында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, баяндама жасады.
Коучинг барысында онкүндіктің өтілуі кезінде іс-шараға белсене қатысқан мұғалімдер атап өтілді.
Бірлестік жетекшісі: Тауекелова О.А.