"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Атамекен отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектеп тренері болып қалыптасу жолында...»

22.02.2018

Бүгінгідей жаһандану заманында

өзгерістер көшіне ілесіп, заман талабына сай болу және ғаламдық өркениеттен

қалып қоймайтындай шәкірт оқытып, тәрбиелеу үшін  мұғалімнің өзі көш алдында жүру керек.

 1-слайд. Қазақстан Республикасы педагог

қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша оқудан

өткен мұғалімдерден мектеп тренері курсын мен де өткен жылдың  маусым айында  алғашқылардың бірі болып ПШО-да   оқып

шықтым. Тренерлік курсты оқыған  деңгейлік  мұғалімдер өз

білетіндерін өзгелерге үйретеді.

Білімдіден не пайда,

Білгенін көпке айтпаса.

Үйреткеннен не пайда,

Қайырымы қайтпаса, - деген А. Байтұрсынұлының сөзін тілге тиек еткім келіп

отыр.

                   2-слайд. Ал енді сөзімді  тренинг сөзіне тоқталып өтсем,  тренинг  – ағылшын тілінен аударғанда “үйрету” деген мағынаны білдіреді.

Тренинг белгілі бір жетістіктерге жету үшін жобаланған, жүйеленген үйрету

немесе оқыту процесінің бір саласы болып табылады. Тренингтің негізгі мақсаты нақты тапсырманы орындауға

көмегін тигізетін білім біліктілік қоры мен жек тұлғаның дамып жетілуінде

оқыту, үйрету процестерінің интерактивті әдістер арқылы тренингте түзетуге

арналған бір сала.

Тренинг негізгі құрылымдары іс-

әрекет және қимыл ойындары, пікірталас, жағдаятты талқылау. Бұлардың барлығы

жеке тұлғаның дамуына тікелей бағытталған. Сонда негізгі мақсат - жеке тұлғаның жақсы сапаларын дамыту, жағымсыздан арылту. Тренингке

10-15 адам қатысуға болатынын бәріміз білеміз.              

               3-слайд.   Тренер - тренингті жүргізуші адам.

Тренинг жүргізуде тренер маңызды орын алады. Тренинг негізгі 3 функциялық

қызметті орындайды:

 1. Тренинг барысында бағдарламаның

дұрыс орындалуы.

 2. Тренинг орындалу

реті

 3. Тренинг соңында қандай нәтиже болады.

Тренингте әр түрлі тапсырмалар беріледі. Мәселен,

демострация, пікірталас, , рөлдік ойындар.

Демострацияның тиімділігі: Бұл тапсырманы көрсетумен сипатталған және

тренерлердің көмегімен жүргізілетін тактикалық түрі:

1. Зейіннің тұрақтылығы

 2. Іс- әрекет барысында топ

қатысушысының өзіннің мүмкіншілігі пайда болады.

Ситуация

немесе рольден ойындар

1. Шындық элементінің

болуы.

2. қатысушынның тәжірбиесі

 3. Жағдаят белсенділікті артырады.

Пікірталастың тиімділігі.

1. Әрбір қатысушы өз пікірін білдіре алады.

2. әрбір адам өз тәжірбиесіне, біліміне сүйенеді

Курстың мұғалімдер үшін тиімділігі зор.

Біріншіден, жаңа бағыттағы бағдарлама идеяларымен жан жақты таныса алады,

екіншіден, курс мектепте өткізілетіндіктен, басқа жаққа барып іздеудің қажеті

жоқ. Сондықтан мұғалім үшін уақытты ұту жағынан өте тиімді. Ал курстың өз

дәрежесінде өтуі үшін мектеп басшылығы тарапынан қолдау көрсетіліп, жағдай

жасалынып отыр. Тыңдаушылар әртүрлі пәннің мұғалімдері болғандықтан, негізгі

мақсат мұғалімдерді жаңа әдіс-тәсілдермен таныстыру, тәжірибеде қолдануға

үйрету. 

Тренер ретінде менің

табыстылығымның белгісі – аудиториядағы мұғалімдерімнің сапалы білім алғандығы

болып табылады, демек мен үшін өткізген сабақтарымның табысты да сапалы

болуы  өте маңызды.  

5-слайд. Тренерлік сабақтарыма топ

құру ісі мен үшін  аса қиын бола қойған

жоқ, себебі, коучинг сабақтарына қатысып жүрген мұғалімдер өз қызығушылықтарын ары

қарай білдірді және де мектеп басшысы да басшыларға арналған деңгейлік оқуды

оқып келгені  мен сұранысы септигін

тигізді. Жұмысымызды қыркүйек айының соңында бастап кеттік.

6-слайд. Тренерлік сабақтардың

алғашқы күнінен бастап мен тыңдаушылардың диалогтік қарым-қатынасқа түсулеріне

мән бере бастадым.  Себебі, Александер (2004) оқытудағы

әңгімелесу – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар

екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды [1]. Ал

мұғалімдерді  алға жылжытуға  менде

тек 8-ақ ай бар. Сондықтан мен әрбір жаңа тақырыпты меңгеру алдында «қалай

ойлайсыздар, топтық жұмыста дамыту үдерісі жүреді ме?, сіз осындай жағдайда

қандай шешім қабылдаған болар едіңіз? Сіздің ойыңызша? Осындай жағдайда сіз не

істер едіңіз?  Оқудағы кедергілерді жеңуде білім алушылардың өздері не дер

еді?...» деген сияқты формативті сұрақтармен болжау, ойларын дамыту үдерістерін

жүргіздім. Әр сабағымды бастағанда өзімді жаңа ақпаратты беруші ретінде емес,

сол мәселені «бірге шешейік..., бұл көзқарасты қалай жүзеге асыра асырсақ

болады..., деген ұсыныстар тастап отырдым  Себебі жаңа идеяны бірден

ұсынбай, мұғалімге таныс әрекеттерге сүйенсем қабылдауға жеңіл болатынын

ойладым.

Ой қозғау әрі сабақты қорытындылау мақсатында мына

сұрақтар аясында тыңдаушыларымнан кері байланыс алу арқылы пікір алмасып

отырдым:

1. Не жоспарланды? (не істедік?)

2.Неге қол жеткіздік? (тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыздар, қандай

сезімде болдыңыз?)

3. Нені өзгертер едіңіз? (тағы не білгіңіз келеді, топтық нәтиже мен өз үлесіңізді жақсарту үшін

ұсыныстар). Берілген сұрақтар аясында мұғалімдер жоғары деңгейлі сұрақтарды қою

қиын болды десе, тағы не білгініз келеді дегенде осы әңгіменің үш түрін сабақта

қалай қолдансам болады деген ұсыныстар айтылды. 2- топ мүшесі Анар  өте тәжірибелі тарих пәнінің мұғалімі 

негізінде сабақтарда осы әңгіменің үш түрін қолданамыз бірақ, бүгін біз олардың

өздеріне тиісті атаулары бар екенін білдік енді осы әңгімелерді сабақта тиімді

қолданамыз деген ұсыныстар айтты.

Тренерлік  сабақтардан кейінгі ойым: Сабақтарымда жеті

модуль қамтылды десем  де болады, бірақ

әлде де, осы тақырыпта сабақтарды қайта өтетін болсам, мен әр мұғалімге өз

пәнінен тапсырмаларды көбірек орындату, жоғарғы деңгейлі сұрақтар  мен

жауаптарын дайындатқызар едім. Себебі мұғалімдер жоғары деңгейлі сұрақтарды

қоюда тосырқайды, тіпті кейбірі қоя алмайды. Осындай әрекетті барлық сабақта

қолдану керек шығар. Сабақта формативті бағалап қана қоймай критерийлерді

көбірек пайдалану керек деген ой түйдім. Себебі мұғалімдерге әлі критерийлермен

жұмыс істеу қиын болып жатқан сияқты

8-слайд. Бекітілген жоспарға сәйкес тыңдаушылар жаңа әдіс-тәсілдерді меңгере

отырып, оқушыларды шынайы өмірге дайындаудың маңыздылығына мән бере бастады.

Өздері барлық жұмыстарды өз қолдарымен істеп, оқушының орнына өздерін қойды.

Сондай-ақ , күнделікті топқа бөлудің ерекшелігі, әртүрлілігі, сергіту сәттерінің

өзі оқушы үшін маңыздылығы, өз жауабын өзі бағалай алуы , топтық жұмыс,

жұмыстардың эстетикалық тұрғыда да өзіндік ерекше болуына мән берілуі, кері

байланыстың тиімділігі курстағы әр сессияның ерекшеленуіне үлес қосты.

Әріптестерім тарапынан 

« бір күн сабақтан қалсақ, талай дүниеден құр

қалады екенбіз» деуі осы курсқа берілген баға деп түсінемін..                                                                                

    Әріптестерімнің жаңа идеялардың

тиімділігін игергенде оқушыларымның да  жаңа ғасыр дағдыларын меңгерген

сипаттамасын көргім келеді. Сол себепті екі жыл бойы мектептің  әлеуетін

арттыратын көшбасшы ретінде мектеп  басқарудың жаңа жолдарын,  жаңа

идеяларын меңгеру барысында жұмысты жаңаша  ізгілендіру жолында міндетіме

сай тиісті жұмыстарды атқарудамын.

Мектеп тренерлігінің курсына

шақыру алғанда осы сұрақтар төңірегіндегі түйінді мәселелерді шешуге

бағытталған мектепке әлі де нақты қажетті өзгерістерді енгізетін, кәсібилікті

дамытатын оқу деп ойладым. Мектептегі өзгерту үдерісін басқарғанда бірінші

деңгей бағдарламасы бойынша теориялық білімді кеңінен алғандығымды түсіндім.

Себебі, мектепке алғаш барғанда әріптестеріме кәсіби дағдыны қалыптастыру өте

қиынға соқты. Ұзақ дайындық, ғаламтор көздерінен іздену, жеті модуль әдіс-тәсілдерін

саралау, мектептің даму жоспарын практикамен ұштастырып құру көптеген

қиыншылықтар тудырды. Ал осы тренерлік курста бірінші бетпе-бетте алған

теориялық білімімізді нақты практикамен жалғастырып жатырмыз деп пайымдадым.

Алғашқы күннен бастап «мектеп тренері кім?» деген сұраққа жауап бере бастадық.

Постер құрастырдық. Тобым өте белсенді, білімді, шығармашыл топ болып кездесті.

Құрастырған постеріміз бірінші болып «эталон» деңгейіне жеткенде балаша мәз

болдық. Яғни, мектептің тренері деген ұғымның өзімізше пайымдауымыз сәл де

болса мақсат-міндетіне жуықтағанына қуандық. Әрбір топтың өткізген бір

сабағынан бірнеше дағды қалыптастырып, нақты білімді өз іс-әрекеттеріміз арқылы

жасадық. Топқа бөлудің өзі бір-біріне ұқсамайтын түрліше әдіс-тәсілдермен өтті.

Сергіту сәттерінің әр сәті ерекше қимыл-қозғалысты үйретті. Сабақтың әр

кезеңінде қолданылатын әдіс-тәсілдер болашақ мектеп тренерлерінің ойлау,

шығармашылық, іскерлік білімі мен біліктіліктерін көрсете білді. Әр тренерден

әртүрлі дағды мен әдіс-тәсілдерін үйрене отырып педагогикалық тәжірибемді

толықтырдым. 7 модульді әр сабаққа ықпалдастыра отырып құруды SMART

арқылы нақты, қолжетімді, шынайы  жоспарлау негізінде өзгертулер енгізу

керек екендігін аңғардым. Сабақ жоспарының балаға бағытталып БЛУМ жүйесімен

жүйелі түрде қайта құрылып, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларға қайта

түзетулер енгізу керек екендігін түсіндім.

«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды

көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деп ұлы Абай атамыз

айтқандай  өз тренерлерімізден алған білім мен білігімізді мектебімде

жүзеге асырып жатырмыз деп ойлаймын. XXI ғасырда талап етілетін дағдылардың

мәнін түсіне біліп, шешімдер мен іс-әрекеттерді ұйымдастыра білетін мектеп

тренері болатындығыма сенемін.

Алдағы уақытта осы курстан алған

біліммен қатар түрлі нұсқаулықтар мен әртүрлі кеңестер,  ресурстар көмекке

келеді деп болжаймын. Өзінің терең білімімен қатар іскерлігімен, жан-жақты

ізденісімен бізге өз бетімізше білім алуымызға толық жағдай жасап, ынтымақтастық

орта құра білетін мектеп тренерлері көп болсын!  Әрі  әріптестеріме сәттілік тілеймін!

Просмотров: 1142


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст