Бастауыш сыныптар арасында өткен
«Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған» атты апталық
өтті.
2016-2017оқу жылы желтоқсан айының 06-15 аралығында бастауыш сынып
апталығы болып өтті. Бастауыш сынып апталығына әдістемелік бірлестігі жоспар
құрып, бекітті. Апталық жоспарға сәйкес өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімдері
өз іс-тәжірбиелерін ашық сабақ өткізу арқылы ортаға салды.
0 «А» сынып мұғалімі Ақбас Уатхан сауат ашу пәні «Д дыбысы» тақырыбында сауатты жазу
дағдыларын қалыптастыру, д дыбысы бар сөз туралы
түсініктерін қалыптастыру, сөйлемді сөзден ажырата білу қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ашық сабақ өтті.
2«А» сынып мұғалімі Капезова К Х математикадан «Уақыт өлшем бірліктері»
тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ саяхат
желісінде ұйымдастырылған. Сабақ түрленген және балалардың
белсенділігімен қызықты өтті. Балалар мен мұғалім арасындағы ара-қатынас жақсы
жүргілізе отырып, оқушылар мұғалімнің талабын жоғары деңгейде орындады.
Оқушылардың белсенді қатысуымен сабаққа қойылған мақсатқа жетті.
3 «А» сынып мұғалімі
Абдилова А С
әдебиеттік оқу пәнінен «Тәуелсіздік
алған күн» тақырыбында ашық сабақ өткізді. «Ой қозғау» стратегияларын қолданды.
Оқушының жан-жақты жұмыс жасауына және білім алуына жағдай жасалды. Жұппен жиі,
топпен жұмыс жүргізілді. Оқушылар бір-бірімен араласып, ой бөлісіп, талқылай
салыстырып, өз ойларын ортаға салды. Оқушылардың сөздік қоры мол, пікірін еркін
айта алатыны байқалды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы көрінді. Сабақта
уақытты ұтымды пайдаланды. Мұғалім белсенді орта құра білді.
Желтоқсанның 13-і күні Қоржимбаева А И мен Абдилова А С
«Тапқыр достар» атты интелектуалды ойын өткізді.Оқушылар «Тұлпар» және
«Қыран» тобы болып екіге бөлініп,белсенділік танытып, бірдей ұпай
алды.Іс-шарада әр түрлі пәннен сұрақтар болды. Оқушылардың пәнге деген
қызығушылығы артты деп ойлаймын.