13.03.2023
Бірінші сынып оқушылырының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл - білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
- Ата - аналар мектепті алдын –ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай- ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
- Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.
Өтінішті egov.kz арқылыберугеболады. Қажетті құжаттар тізімі:
- Ата - аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- «Бала денсаулығы паспорты» 026/у -3 нысаны бойынша денсалық жағдайы туралы құжат;
- 063/ у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 3*4 көлеміндегі 2 фото
-
- ! Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.